Жаңасемей ауданында «Таза Қазақстан» акциясы жалғасуда.

Жаңасемей ауданында «Таза Қазақстан» акциясы  жалғасуда.

Жиенәлі ауылдық округіне қарасты Бөкенші ауылының тұрғындары Жеңіс саябағында санитарлық жұмыстарын жүргізсе, Қайнар ауылында Сапарғалин Бегалин атындағы мектеп ұжымы мен оқушылар аулаларды абаттандырып, ағаш көшеттерін екті.
Ақбұлақ ауылында мекеме басшылары, тұрғындар жаппай сенбілікте ауыл тазалығына қатысып, Әміре Қашаубайұлының ексерткіші орналасқан ауланы тазалады.
Жаңасемей ауданында Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Таза Қазақстан» республикалық акциясы басталғалы елді мекендегі тарихи ескерткіштерге тазалық және абаттандыру жұмыстарын тұрақты ұйымдастырып келеді.