Қайнар мәдениет үйінде жөндеу жұмыстары жүргізілуде

Қайнар мәдениет үйінде жөндеу жұмыстары жүргізілуде

Жаңасемей ауданының Қайнар ауылындағы мәдениет үйінде жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Жөндеу жұмыстары нысанның жағдайын жақсартуға, мәдени іс-шараларды өткізуге қолайлы жағдай жасауға және ауыл тұрғындарына сапалы мәдени қызмет көрсетуге бағытталған.

Жұмыстар аяқталғаннан кейін мәдениет үйі ауыл тұрғындарының бос уақытын тиімді ұйымдастырып, түрлі мәдени-көпшілік шаралар мен шығармашылық үйірмелерді өткізуге арналған заманауи әрі жайлы орынға айналмақ.