
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Жаңасемей ауданының Ертіс ауылдық округінде абаттандыру және санитарлық тазалық талаптарының сақталуын бақылау мақсатында рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылды.
Рейд барысында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабы талаптарын бұзған азаматтарға қатысты 10 әкімшілік хаттама рәсімделді.
Мұндай рейдтік іс-шаралар алдағы уақытта ауданның өзге де ауылдық округтерінде кезең-кезеңімен жалғасады.
Тазалық – әрбір азаматтың мәдениеті мен жауапкершілігінің көрінісі. Барша аудан тұрғындарын қоршаған ортаны таза ұстауға, санитарлық талаптарды сақтауға және «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына белсенді қатысуға шақырамыз. Таза ауыл – жарқын болашақтың кепілі!