Жиын барысында инвесторлар өз жобаларын таныстырып, сауда, құрылыс, медицина, қалалық инфрақұрылым, спорт және балалар алаңдарын салу, құрылыс материалдары мен оптоэлектрондық құрылғылар өндірісі салалары бойынша ұсыныстарын айтты.

мен Қытай компаниялары және білім беру ұйымдары арасында жалпы саны 7 ынтымақтастық құжатына қол қойылды. Оның ішінде 6 инвестициялық меморандум және 1 білім беру саласындағы негіздемелік келісім бар. Жалпы инвестиция көлемі – 76,3 млрд теңгені немесе 146,8 миллион АҚШ долларын құрайды.
Меморандумға сәйкес өңірде гидроэлектр станциясын және алюминий зауытын, цементтен жасалған құрылыс бұйымдарын, сондай-ақ, электр сымдары мен кабель өнімдерін өндіретін зауыт ашу, Семейдегі Smart City шағын ауданының инфрақұрылымын дамыту, стандартталған спорт және балалар ойын алаңдарын орнату, Үржар ауданында заманауи жылыжай кешенін салу, Абай облысында энергия үнемдейтін электр жылыту жүйелерін енгізу және жаңа энергетика саласындағы жобаларды іске асыру жоспарланып отыр.
Қытайдың Шыңжаң Алтай кәсіптік-техникалық колледжі мен Семейдегі Шәкәрім университеті арасында ынтымақтастық жөніндегі негіздемелік келісім жасалды. Құжат кәсіптік білім беру саласындағы байланысты дамытуға, оқытушылар мен студенттер алмасуға, ғылыми және мәдени ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған.
АБАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ
