
Жиенәлі ауылдық округінің аумағында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында минералды жолақтарды жасау жұмыстары жүргізілді. Бұл шаралар әсіресе дала өрттерінің алдын алуға бағытталып, елді мекендерге жақын орналасқан егістік және шабындық алқаптарда жүзеге асырылды.
Жұмыс барысында арнайы техника тартылып, шөп басқан аумақтар тазартылып, өрттің таралуына тосқауыл болатын қорғаныс жолақтары жасалды.