
Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Кенжебай, Крупское және Мұқыр ауылдарында Ертіс өзенінің жағалауына шомылуға тыйым салатын ескерту белгілері орнатылды.
Бұл шара судағы жазатайым оқиғалардың алдын алу және азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында жүргізілді. Тұрғындарды қауіпсіздік талаптарын сақтауға және тыйым салынған орындарда суға түспеуге шақырамыз.
Судағы қауіпсіздік – өз қолымызда!