
Конкурс қоғамдағы «Еңбек адамының» мәртебесін арттыруға және «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» қағидаты аясында еңбек өнімділігін ынталандыруға ықпал етеді. Конкурсқа кәсіпорындардың барлық қызметкерлері (саласына қарамастан) қатыса алады. Конкурс өңірлік және республикалық деңгейде келесі номинациялар бойынша өткізіледі: «Үздік еңбек әулеті», «Өндірістің үздік жас қызметкері», «Жұмысшы жастардың үздік тәлімгері».
Аталған номинацияда ең көп мүшесі бар, ең ұзақ еңбек өтіліне ие және ең көп марапаттары бар әулет анықталады. Еңбек әулеті – бір ұйымның екі және одан да көп ұрпағын қамтитын жақын туыстардан тұратын отбасы мүшелерінің тобы (ерлі-зайыптылардың бірі немесе екеуі, балалары немесе немерелері), қазіргі уақытта еңбек қызметін атқарып жүрген және осы кәсіпорындағы жалпы еңбек өтілі кемінде 20 жылды құрайтын тұлғалар. Әулеттің басшысы болып еңбек қызметін ең алғаш бастаған өкіл танылады. Еңбек әулеті ауылдың, ауданның (қаланың, облыстың) қоғамдық өміріне белсенді қатысып, жастардың кәсіби бағдарлануына ықпал етіп, өз мамандығын насихаттауы тиіс.
«Өндірістің үздік жас қызметкері» номинациясы бойынша еңбек өтілі 5 жылдан аспайтын, өндірістегі ең белсенді әрі еңбекқор қызметкер анықталады.
«Жұмысшы жастардың үздік тәлімгері» номинациясы бойынша еңбек өтілі кемінде 20 жыл болатын, жоғары тиімді тәлімгер анықталады.
Конкурс 2 кезеңнен тұрады:
1-кезең өңірлік деңгейде өткізіледі:
2-кезең республикалық деңгейде облыс, астана, республикалық маңызы бар қала жеңімпаздары арасында өткізіледі:
Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттар ұсынылады:
Бар болған жағдайда қосымша құжаттар: мемлекеттік немесе ведомстволық наградалардың көшірмелері, грамоталар, алғыс хаттар, біліктілікті арттыру сертификаттары.
Конкурсқа құжаттар мемлекеттік немесе орыс тілдерінде ұсынылады.
Сонымен қатар, ағымдағы жылы конкурсқа қатысушылардың құжаттарын қабылдау "Qamqor.enbek.kz" сайты арқылы жүзеге асырылатынын хабарлаймыз.
Қатысу мәселелері бойынша Жаңасемей ауданы, Абай облысы «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-не келесі мекенжай бойынша хабарласуға болады: Козбагаров көшесі 40, 402-кабинет, тел. 87476073077.