
Достық ауылдық округі аумағында ауыл әкімі мен учаскелік полиция инспекторының бірлесуімен мал жаю қағидаларын бұзу деректерін анықтау бойынша тұрақты түрде рейдтік жұмыстар жүргізілуде.
Рейдтік іс-шаралар барысында қараусыз жүрген малдар анықталып, арнайы қораға (расколға) қамалды. Аталған мал иелеріне Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес әкімшілік хаттамалар толтырылып, айыппұл салынды.
Осыған байланысты ауыл тұрғындарынан малды қараусыз жібермеуді, сондай-ақ мал жаю тәртібін қатаң сақтауды сұраймыз.