Жаңасемей ауданында «Ардагерім – ардағым» акциясы өтті.

Жаңасемей ауданында «Ардагерім – ардағым» акциясы өтті.

«Ардагерім – ардағым» акциясы аясында Жаңасемей ауданының дербес бөлім басшылары тыл ардагерлері мен еңбек ардагерлерінің шаңырақтарына арнайы барып, Ұлы Жеңіс мерекесімен құттықтады.

Ізгі ниетке толы кездесулер барысында ардагерлерге құрмет көрсетіліп, сый-сияпаттар табысталды. Сондай-ақ ел дамуына қосқан ерен еңбектері мен өнегелі өмір жолдары үшін алғыс білдірілді.

Ардагерлермен жүздесу – кейінгі ұрпақ үшін үлкен тағылым.