
Акция аясында ауданның тыл ардагерлеріне арнайы барып, 9 мамыр – Жеңіс күні мерекесіне арналған құттықтаулар жеткізілді.
Іс-шараға Жастар орталығының мамандары қатысып, ардагерлерге құрмет көрсетті. Кездесу барысында аға буынның ерлігі мен еңбегін жастарға насихаттау, отансүйгіштік пен үлкенге құрмет көрсету құндылықтарын дәріптеу мақсатында тағылымды әңгімелер айтылды.
Сонымен қатар, ардагерлерге сый-сияпаттар табысталып, ақжарма тілектер білдірілді.