«Батырлар рухы – мәңгілік»: Жаңасемей ауданында Отан қорғаушылар күніне арналған мерекелік іс-шара өтті

«Батырлар рухы – мәңгілік»: Жаңасемей ауданында Отан қорғаушылар күніне арналған мерекелік іс-шара өтті

Жаңасемей ауданында Отан қорғаушылар күніне орай «Батырлар рухы – мәңгілік» атты аудандық мерекелік іс-шара өтті.


Мерекелік шараның мақсаты – ел тыныштығы мен қоғамдық тұрақтылықты қамтамасыз ету жолында еңбек етіп жүрген азаматтарға құрмет көрсету, өскелең ұрпақтың бойына патриоттық рух қалыптастыру.

Салтанатты жиын барысында ауданның қоғамдық-саяси және әлеуметтік дамуына үлес қосып жүрген бірқатар азаматтар аудан әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталды. Шара кезінде олардың өз ісіне деген жауапкершілігі мен адал еңбегі ерекше атап өтілді.

Іс-шараның ресми бөлімінен кейін аудандық мәдениет үйі өнерпаздарының қатысуымен мерекелік концерттік бағдарлама ұсынылды.

Аталған мерекелік іс-шара қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, елге қызмет ететін азаматтарға көрсетілген құрметтің айқын көрінісіне айналды.