Аудандық төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссия отырысы өтті

Аудандық төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссия отырысы өтті

Жиында 2026 жылғы шомылу маусымында су айдындарындағы қауіпсіздік шаралары, 2025–2026 жылдардағы қысқы кезең мен жылыту маусымының қорытындылары, сондай-ақ өрт гидранттары мен өртке қарсы су айдындарын жөндеу жоспарының орындалуы қаралды.

Сонымен қатар, жазғы кезеңде балалардың терезеден құлауына байланысты жарақаттанудың алдын алу шаралары талқыланды.

Отырыс қорытындысы бойынша жауапты мекемелерге нақты тапсырмалар беріліп, олардың орындалуы бақылауға алынды.