
Қала халқын азық-түлікпен қамтамасыз ету және бағаны тұрақтандыру мақсатында 25 сәуір күні Семей қаласындағы Северный СЛО аумағында Жаңасемей ауданының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті.
Аталған жәрмеңкеге ауданның 11 ауылдық округі қатысып, тұрғындарға сапалы әрі қолжетімді бағамен ауыл шаруашылығы өнімдерін ұсынды. Атап айтқанда, 940 кг ірі қара еті 3300 теңгеден, 840 кг жылқы еті 3200 теңгеден саудаланды. Сонымен қатар, жәрмеңкеде сүт өнімдері, көкөніс, бал, ұн және өзге де азық-түлік тауарлары төмендетілген бағамен ұсынылды.
Жәрмеңкенің негізгі мақсаты – халықты әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларымен қамтамасыз ету, бағаның тұрақтылығын сақтау және жергілікті тауар өндірушілерге қолдау көрсету.