
Аталған игі іске аудан әкімдігі қызметкерлері, жастар орталығының мамандары, мәслихат өкілдері, білім бөлімі мен кітапхана қызметкерлері белсенді түрде қатысып, бірлесе 50 түп ағаш отырғызды.
Шараның басты мақсаты – қоршаған ортаны қорғау, ауыл аумағын көгалдандыру және тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру. Акция барысында қатысушылар табиғатты аялау, жасыл желекті көбейту – әрбір азаматтың ортақ міндеті екенін атап өтті.
Осындай бастамалар алдағы уақытта да жалғасын тауып, ауданның экологиялық жағдайын жақсартуға өз үлесін қоса бермек.