
2026 жылғы 12 сәуірде Жаңасемей ауданының Новобаженово ауылдық округінде әкім сайлауы өтті.
Дауыс беру қорытындысы бойынша Жаңасемей ауданының аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 45-бабына сәйкес 14 сәуір күні сайланған әкімді ресми түрде тіркеді.
Новобаженово ауылдық округінде өткен салтанатты рәсім барысында жаңадан сайланған әкім Дархан Мұратұлы Кәрібжановқа қызметтік куәлікті Жаңасемей ауданы аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Дәулет Серікқалиұлы Әсембаев табыс етті.
Жиын барысында аудан әкімдігі аппаратының басшысы Айдын Атықанұлы жаңа әкімді таныстырып, алдағы қызметіне сәттілік тіледі.