Облыс әкімі: Сауда нысандарындағы тазалық пен тәртіп мәселесі үнемі бақылауда болады

Облыс әкімі: Сауда нысандарындағы тазалық пен тәртіп мәселесі үнемі бақылауда болады

Бүгін облыс әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен кеңейтілген аппараттық кеңес өтті. Жиында Семей қаласының кәсіпкерлік нысандарында тазалық пен санитарлық талаптардың сақталуы және 2026 жылғы көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыру барысы талқыланды.

Қазіргі таңда Семей қаласындағы «СМОКК» базары эскиздік жоба әзірледі, «Мереке» базарында дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Негізгі құрылыс жұмыстарын бастау биылғы жылдың екінші-үшінші тоқсанына жоспарланған.

➡️Аймақ басшысы жиында Семей қаласының әкіміне шаһардағы барлық сауда нысандарын заң аясында толық тексеруден өткізіп, санитарлық және абаттандыру талаптарын бұзған нысандар бойынша нақты шаралар қабылдап, жаңғыртуға жататын базарлар бойынша бекітілген Жол картасының орындалуын жеке бақылауына алу қажеттігін айтты. Тиісті басқармалар мен департаменттерге кәсіпкерлермен түсіндіру жұмыстарын күшейтуді, санитарлық талаптардың өрескел бұзылуына жол берген нысандарға заң аясында қатаң шаралар қабылдауды, халық көп шоғырланатын сауда орындарын ерекше бақылауға алуды, қаладағы нысандардың бірыңғай сәулеттік келбетін қалыптастыру бойынша нақты ұсыныстар енгізуді тапсырды.