
Шараны ауданның кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі ұйымдастырды.
Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары Сұлтанова Айнұр Оралқызы мен Омарғазин Самат Құдайбергенұлы, сондай-ақ тиісті сала мамандары қатысып, ауыл өміріне қатысты өзекті мәселелерді тұрғындармен бірге талқылады.
Кездесу барысында мемлекеттік қолдау бағдарламалары, ауыл шаруашылығын өркендетудің тиімді жолдары, соның ішінде мал және егін шаруашылығын дамыту мүмкіндіктері кеңінен сөз болды. Сонымен қатар елді мекендегі қаңғыбас жануарлар мәселесі де назарға алынып, оны реттеу жолдары қарастырылды.
Жиын аясында «Қаладан ауылға» жобасы таныстырылып, оның ауыл тұрғындары үшін ашатын мүмкіндіктері түсіндірілді. Бұдан бөлек, «Таза Қазақстан» акциясы аясында қоршаған ортаны қорғау, ауыл тазалығын сақтау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру бағытындағы жұмыстар туралы да мәлімет берілді.
Кездесу соңында тұрғындар өз ой-пікірлері мен ұсыныстарын ортаға салып, мамандар тарапынан нақты жауаптар мен бағыт-бағдар алды. Жиын ашық пікір алмасу алаңына айналып, ауыл тұрғындарының белсенділігімен ерекшеленді.