«Таза Қазақстан» акциясы аясында Озерки ауылдық округінің кіреберіс жолында кең көлемді сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды

«Таза Қазақстан» акциясы аясында Озерки ауылдық округінің кіреберіс жолында кең көлемді сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды

Аталған шараға Жаңасемей ауданы әкімдігінің қызметкерлері, білім бөлімі өкілдері, жастар және мәслихат қызметкерлері белсенді түрде қатысып, тазалық жұмыстарына өз үлестерін қосты.

Сенбілік барысында жол бойы мен айнала аумақтар қоқыстан тазартылып, абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Қатысушылар бірлесе еңбек етіп, қоршаған ортаның тазалығын сақтаудың маңыздылығын көрсетті.