
Кездесу барысында мемлекеттік бағдарламалар кеңінен таныстырылып, ауыл шаруашылығын дамыту бағыттары, соның ішінде мал және өсімдік шаруашылығының мүмкіндіктері жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар, қаңғыбас иттер мен мысықтарды күтіп ұстау мәселесі де назардан тыс қалмады.
Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары Сұлтанова Айнұр Оралқызы мен Омарғазин Самат Құдайбергенұлы, сондай-ақ жауапты сала мамандары қатысып, ауыл тұрғындарымен ашық диалог орнатты. Тұрғындар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды.
Сонымен бірге, «Қаладан ауылға» жобасы түсіндіріліп, оның негізгі мақсаттары мен мүмкіндіктері туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар, «Таза Қазақстан» акциясы бойынша түсіндіріліп, ауыл аумағын тазалыққа жұмылдыру және қоршаған ортаны қорғау маңызы туралы ақпарат берілді.