Нұржан Оразбекұлының төрағалығымен аппараттық жиын өтті

Нұржан Оразбекұлының төрағалығымен аппараттық жиын өтті

Жиын барысында келесі мәселелер қаралды:
1.Шүлбі кентінде аудандық «Әз-Наурыз» мерекесін ұйымдастыру және өткізу барысы.
Аталған бағытта мерекелік іс-шараның жоғары деңгейде өтуін қамтамасыз ету, мәдени-көпшілік бағдарламаларды нақтылау, жауапты мекемелердің дайындығын күшейту тапсырылды.
2.«Таза Қазақстан» акциясының өту барысы және көктемгі көгалдандыру жұмыстары.
Атап айтқанда, елді мекендерде санитарлық тазалықты сақтау, абаттандыру жұмыстарын жүйелі жүргізу, сондай-ақ жоспарланған 1400 түп тал отырғызу жұмыстарын сапалы әрі уақытылы орындау мәселелері талқыланды.

Жиын қорытындысы бойынша жауапты бөлім басшылары мен ауылдық округ әкімдеріне нақты тапсырмалар беріліп, олардың орындалуы тұрақты бақылауда болатыны ескертілді.