
Ертіс ауылдық округіне қарасты Мұқыр ауылында елді мекеннің санитарлық жағдайын жақсарту және көктемгі су тасқынының алдын алу мақсатында жоспарлы түрде суағарларды тазарту жұмыстары жүргізілді.
Жұмыс күшін тарта отырып атқарылған бұл шара барысында су бұру жүйелері қоқыс пен тұнбадан тазартылып, олардың су өткізу қабілеті қалпына келтірілді.
Аталған жұмыстар ауыл көшелерінде су іркілісін болдырмауға, сондай-ақ тұрғындардың қауіпсіздігі мен қолайлы тұрмыс жағдайын қамтамасыз етуге бағытталған.