
«Арулар – асыл жандар» атты 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік кеш аудандық мәдениет үйінде салтанатты түрде өтті. Шараға аудан әкімі қатысып, мерекелік кештің қадірлі қонақтары болған аяулы аналар мен аруларды көктемнің шуақты мерекесімен құттықтады.
Аудан әкімі өз сөзінде әйелдердің қоғамдағы орны ерекше екенін атап өтіп, олардың отбасының берекесі мен бірлігінің ұйытқысы, ел дамуына үлес қосып жүрген жандар екенін жеткізді. Сонымен қатар әр салада табысты еңбек етіп жүрген бірқатар нәзік жандыларға алғыс хаттар табыстап, сый-құрмет көрсетті.
Мерекелік кеш барысында мәдениет үйінің өнерпаздары мен ауданның дарынды жастары әсем ән айтып, би билеп, жиналған көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Көктем мерекесіне арналған кеш жылы лебіздер мен әсем өнерге толы болып, қатысушыларға ерекше әсер қалдырды.