
«Әділетті және прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін» коалициясының өкілдері – Жаңасемей аудандық ардагерлер кеңесінің төралқа мүшесі Сымбат Болатқызы және аудандық ардагерлер кеңесінің төрайымы Смағұлова Күлбану Сағатқызы Чекоман ауылының тұрғындарымен және Чекоман орта мектебінің ұжымымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында Конституциялық өзгерістердің мәні мен маңызы түсіндіріліп, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға толыққанды жауаптар берілді. Іс-шара ашық пікір алмасу форматында өтіп, тұрғындар өз ойларын ортаға салды.