
Кеңес барысында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, сайлау заңнамасының талаптарын сақтау және дауыс беру күні іс-қимылды үйлестіру мәселелері қаралды. Құқық бұзушылықтардың алдын алу, азаматтардың сайлау құқықтарын қорғау және жалған ақпараттың таралуына жол бермеу шараларына ерекше назар аударылды.
Кездесу қорытындысы бойынша ведомствоаралық өзара іс-қимыл алгоритмдері, жедел әрекет ету тәртібі және жауапты лауазымды тұлғалар айқындалды. Құқық қорғау органдары референдумды заңдылық, ашықтық және қауіпсіздік талаптарына сай өткізуді қамтамасыз етуге дайын екендігін растады.