
Кездесу барысында мобильдік қосымшаның негізгі мақсаты мен міндеттері, ауыл шаруашылығы жануарларын тіркеу тәртібі, деректерді енгізу және жаңарту жолдары, сондай-ақ қосымшаны тиімді пайдалану тәсілдері туралы жан-жақты ақпарат берілді. Сонымен қатар цифрлық жүйенің ветеринариялық бақылауды күшейтуге, мал басын есепке алуды нақтылауға және мемлекеттік қызметтердің ашықтығын қамтамасыз етуге ықпал ететіні атап өтілді.
Іс-шара барысында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға тиісті жауаптар беріліп, практикалық түсіндірмелер жасалды. Түсіндіру жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын табады.