Аудан әкімінің төрағалығымен кеңейтілген аппараттық кеңес ұйымдастырылды

Аудан әкімінің төрағалығымен кеңейтілген аппараттық кеңес ұйымдастырылды

Күн тәртібінде республикалық референдумға дайындық барысы, этносаралық келісімді сақтау шаралары және жүргізіліп жатқан ақпараттық жұмыстар қаралды. Сонымен қатар 2026 жылдың қаңтар айындағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері мен бюджет қаражатының игерілу деңгейі сарапталды.

Кеңес отырысында жауапты бөлімдерге нақты міндеттер жүктеліп, алдағы уақыттағы жұмыс бағыттары белгіленді. Жиын қорытындысында тәртіп пен жауапкершілікті күшейту, жоспарлы көрсеткіштерге қол жеткізу бойынша тиісті тапсырмалар берілді