
Дүбірлі додаға ауданның және өзге өңірлердің жас спортшылары қатысып, рингте өзара мықтыларды анықтады. Жарыс барысында қатысушылар жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, тартысты жекпе-жектер көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Турнирдің негізгі мақсаты – жас боксшылардың тәжірибесін арттыру, олардың спорттық шеберлігін шыңдау және бұқаралық спортты дамыту.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы медальдармен, дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды. Спорттық шара жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын насихаттауға үлкен үлес қосты.