
Семей қаласындағы Абай атындағы кітапханада «Қаладан – ауылға» өңірлік форумы басталды. Форумға жалпы саны 500-ден астам адам жиналды.
Аймақ басшысы форумның ашылуында сөйлеген сөзінде Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың жүзеге асырып келе жатқан саяси реформаларының аясындағы жаңа Конституцияның терең сараланған, әлемдік үздік тәжірибелерді ескерген, ұлттық мүддені және адам құқығын толық қорғауға бағытталған сапалы құжат екенін атап өтті.