Облыс әкімі Б. Уәлидің «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасын іске асыру барысы жөнінде өткен кеңестің хаттамалық тапсырмалардың орындалуын қала, кент, ауылдық округтер және аудан әкімдіктеріне түсіндіру, сондай-ақ тиісті тапсырмалар беру мақсатында Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының Басшысы Марат Теміржанов Қапарұлы Жаңасемей ауданында жиналыс өткізді

Жиналыс барысында Аудан әкімдіктеріне заңсыз қоқыс орындарында бейнебақылау камераларын орнату, қоқыс жәшіктері орнатылмаған аялдамаларға қоқыс жәшіктерін орнату, анықталған рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерін жою және де 2024–2026 жылдарға арналған елді мекендерді көгалдандыру жөніндегі Өңірлік жоспарға сәйкес елді мекендерде ағаш отырғызу бойынша жұмыстар талқыланды. Сонымен қатар аудан мен ауылдық округтерге белгіленген өлшемшарттарға (әр 10 км немесе 20 га) сәйкес облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдары бойындағы учаскелерде ағаш отырғызу жұмыстарын жүргізу тапсырылды.