
Есеп барысында округ аумағында жүргізілген дайындық шаралары жан-жақты баяндалды. Атап айтқанда, су өткізу арналары мен арық-атыздар тазартылып, қар шығару жұмыстары ұйымдастырылғаны айтылды. Қауіпті учаскелер анықталып, тұрақты бақылауға алынған.
Сонымен қатар, инертті материалдар қоры дайындалып, қаптарға құм салу жұмыстары жүргізілген. Қажетті техника мен жауапты мамандар кезекшілік кестесіне сәйкес бекітіліп, төтенше жағдай туындаған жағдайда жедел әрекет ету жоспары пысықталғаны мәлімделді.