
Атап айтқанда, Маралды ауылындағы су ағарлар қардан тазартылып, су өткізу қабілетін арттыру шаралары жүзеге асырылды. Сонымен қатар, ықтимал төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында инертті материалдар қаптарға салынып, қажетті қор әзірленуде.
Жауапты қызметтер жағдайды тұрақты бақылауда ұстап отыр.