Жаңасемей аудан әкімдігінде аппараттық кеңес өтті

Жаңасемей аудан әкімдігінде аппараттық кеңес өтті

Жиында 2025 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері сараланып, қызмет сапасын арттыру мәселесі қаралды. Сонымен қатар, аудандағы жастар саясатын жүзеге асыру барысы талқыланып, жастарды қолдау бағытындағы жұмыстар пысықталды.

Сондай-ақ, сайлау учаскелерінде мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолайлы жағдай жасау үшін бейімдеу шаралары қаралды. Кеңес қорытындысы бойынша жауапты мамандарға нақты міндеттер жүктелді.