
Тағылымды шара барысында Ауған соғысына қатысқан жауынгерлердің ерлігі ұлықталып, Ауған соғысында қаза тапқан боздақтардың рухына тағзым етілді. Іс-шараға аудан тұрғындары, ардагерлер, жастар және қоғамдық ұйым өкілдері қатысып, батырлар рухына бір минут үнсіздік жариялады.
Кеш барысында патриоттық әндер шырқалып, жүрек тебірентерлік жырлар оқылды. Ардагерлерге құрмет көрсетіліп, олардың қайсарлығы мен елге деген адалдығы жас ұрпаққа үлгі екені атап өтілді.