
Конференция жұмысына Абай облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұрат Алин, аудан ардагерлері, қоғамдық ұйым өкілдері және сала мамандары қатысты. Жиын барысында аудандық филиалдың атқарған жұмыстары бойынша есептік баяндама тыңдалып, алдағы кезеңге арналған міндеттер мен жоспарлар талқыланды.
Сондай-ақ, конференция барысында ұйымның басшылық құрамын сайлау мәселесі қаралып, Жаңасемей ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы болып Күлбану Сағатқызы сайланды.Жиын соңында ардагерлер қозғалысын одан әрі дамытуға бағытталған ұсыныстар айтылып, тиісті шешімдер қабылданды.