
Нұржан Оразбекұлы аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдау барысында тұрғындар тұрғын үймен қамтамасыз ету, баспа материалдарына қатысты өтініштер, шаруа қожалықтарының мәселелері, сондай-ақ жұмыспен қамту бағытындағы өзекті сұрақтарын көтерді. Әрбір өтініш пен ұсыныс мұқият тыңдалып, тиісті сала басшыларына заң аясында шешу бойынша нақты тапсырмалар берілді.