
Бүгін аймақ басшысы Берік Уәлидің төрағалығымен Абай облысының өңірлік инвестициялық штабының кезекті отырысы өтті. Жиынға тиісті басқарма басшылары және инвесторлар қатысты. Аудан және қала әкімдері бейнережимде қосылды. ️
Отырыс барысында инвесторлардың өңірде жүзеге асыруды жоспарлап отырған жобалары таныстырылды. «Viamedis» ЖШС медициналық орталық, «Bukhtarma Energy» компаниясы жел электр станциясы, «Jana Jybek Joly Abai oblysy» серіктестігі қонақүй-мейрамхана кешенін салу жобаларын ұсынды.
Аймақ басшысы әрбір инвестициялық жобаның өңір үшін маңызды екенін атап өтіп, туындаған мәселелерді шешу бойынша тиісті басқармалар мен аудан әкімдеріне нақты тапсырмалар берді.
АБАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ