Жаңасемей ауданында «Таза Қазақстан» акциясы аясында аялдамаларға қоқыс жәшіктері орнатылды.

Жаңасемей ауданында «Таза Қазақстан» акциясы аясында аялдамаларға қоқыс жәшіктері орнатылды.

«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында аудан аумағында санитарлық тазалықты сақтау және қоршаған ортаны қорғау мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылуда. Атап айтқанда, аудан бойынша қоғамдық көлік аялдамаларына жалпы саны 15 қоқыс контейнері орнатылды. Бұл шара тұрғындардың тазалық мәдениетін арттыруға, тұрмыстық қалдықтарды белгіленген орындарға тастауға және ауданның көріктілігін сақтауға бағытталған. Алдағы уақытта аталған бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасын табатын болады.