Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасында преамбула өзгертілді

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасында преамбула өзгертілді

Конституциялық реформа жөніндегі комиссия Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасын жариялады.

Елдің жаңа Негізгі заңының жобасы азаматтардан, саяси партиялардан, қоғамдық ұйымдар мен сарапшылардан түскен ұсыныстарды жан-жақты талдау, ашық қоғамдық талқылаулар және жаңа нормалар мен ережелерді егжей-тегжейлі пысықтау нәтижесінде әзірленді.

Конституциялық реформаның бастау нүктесі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстанда бір палаталы Парламент құру жөніндегі бастамасы болды. Президент бұл идеяны 2025 жылғы 8 қыркүйекте ел халқына арналған жыл сайынғы Жолдауы барысында саяси жүйені кешенді түрде қайта жаңғырту және жасанды интеллект дәуірінде Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына оң ықпал ету мақсатында жария етті.