Жаңасемей әкімдігінде қаржылық қауіпсіздік мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті

Жаңасемей әкімдігінде қаржылық қауіпсіздік мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті

Жаңасемей әкімдігінде ақпараттық-түсіндіру мақсатында кездесу өтті. Іс-шара барысында Ұлттық Банктің ақша-несие саясатының негізгі бағыттары, банкноттардың қорғаныш элементтері және оларды ажырату жолдары туралы жан-жақты мәлімет берілді.

Сонымен қатар соңғы уақытта кең таралып отырған қаржылық алаяқтық түрлері, оның ішінде «дропперлердің» әрекет ету тәсілдері, олардың заң алдындағы жауапкершілігі және мұндай жағдайлардың алдын алу жолдары түсіндірілді.

Кездесу барысында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, қаржылық қауіпсіздікке қатысты пайдалы ақпарат алды.