Абай облысында мәдениет саласының үздіктерін марапаттауға арналған «Жыл үздігі» салтанатты кеші өтті.

Абай облысында мәдениет саласының үздіктерін марапаттауға арналған «Жыл үздігі» салтанатты кеші өтті.

Аталған кеште өңірдегі мәдениет саласының дамуына үлес қосып жүрген үздік мекемелер мен қызметкерлер марапатталды. Салтанатты шара барысында Жаңасемей аудандық мәдениет үйіне қарасты Алғабас ауылдық клубы жоғары жетістіктері үшін «Үздік мәдениет мекемесі» номинациясына ие болды. Бұл марапат – клуб ұжымының тынымсыз еңбегі мен мәдени-рухани шараларды ұйымдастырудағы белсенділігінің нәтижесі. Алғабас ауылдық клубы алдағы уақытта да мәдениетті дамытуға, халыққа сапалы рухани қызмет көрсетуге өз үлесін қоса бермек.