
Кездесуге Жаңасемей аудандық прокуроры Ақылия Ержанқызы мен Жастар ресурстық орталығының мамандары қатысты.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыру, заңға құрметпен қарау мен қоғамдағы тәртіпті сақтау мәдениетін қалыптастыру болды.
Кездесу барысында мамандар құқық бұзушылықтың салдары, кәмелетке толмағандардың жауапкершілігі және өз құқықтарын қорғау жолдары туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, пайдалы ақпарат алды.