Шүлбі кентінде тұрғындар арасында Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесінің маңыздылығын түсіндіруге бағытталған ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті.
Мамандар азаматтарға сақтандыру жүйесінің артықшылықтарын, жарна төлеу тәртібін, сақтандырылған және сақтандырылмаған тұлғаларға көрсетілетін қызметтердің айырмашылығын түсіндірді.
