
VIII шақырылған Жаңасемей аудандық мәслихатының кезектен тыс жиырма бірінші сессиясының үзілістен кейінгі отырысы
2025 жылдың 4 қарашасында гибридттік форматта үзілістен кейінгі Жаңасемей аудандық мәслихатының кезектен тыс жиырма бірінші сессиясының отырысы өтті.
Сессия жұмысына 4 депутат тіркеліп, қатысты.
Күн тәртібіне сәйкес 17 сұрақ қаралды:
1-14. Абай облысы Жаңасемей аудандық маслихатының 2025 жылғы 10 қаңтардағы Абай облысы Жаңасемей ауданының ауылдық округтері мен кенттерінің 2025-2027 жылдарға арналған бюджеттері туралы шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы.
15. Қараөлең ауылдық округі әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есебі.
16. Новобаженово ауылдық округі әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есебі.
17. Озерки ауылдық округінің әкімі Максат Макенович Брахимовтың өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есебі.
Ұсынылған материалдарды қарап, депутаттар тиісті шешімдер қабылдады.