Жаңасемей аудандық мәслихатының тұрақты комиссиясының отырысы туралы

Жаңасемей аудандық мәслихатының тұрақты комиссиясының отырысы туралы
2025 жылғы 21 қазанында Жаңасемей аудандық мәслихатының экономика мен бюджетті, агроөнеркәсіптік кешен мен экологияны, әлеуметтік саланы, депутаттық өкілеттіктерді, әдеп пен заңдылықты дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті.

Күн тәртібіне келесі мәселелер енгізілді:

1. Абай облысы Жаңасемей аудандық мәслихатының 2024 жылғы 30 желтоқсандағы №14/97-VIII «Абай облысы Жаңасемей ауданының 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

2. Жаңасемей ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын, тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы.

Күн тәртібіндегі мәселелерді талқылағаннан кейін тұрақты комиссия оларды Жаңасемей аудандық мәслихатының жиырма бірінші кезектен тыс сессиясының қарауына енгізу туралы қаулы шығарды.