Қараөлең ауылдық округінде Қайнар мәдениет үйінің аумағында санитарлық тазалық жұмыстары аясында сенбілік ұйымдастырылды

Қараөлең ауылдық округінде Қайнар мәдениет үйінің аумағында санитарлық тазалық жұмыстары аясында сенбілік ұйымдастырылды

Іс-шара барысында аумақ қураған шөптер мен тұрмыстық қоқыстардан толық тазартылды, көгал аймақ ретке келтірілді. Сенбілікке ауыл тұрғындары, мәдениет үйінің қызметкерлері мен жастар белсене атсалысты.

Сондай-ақ тазалық жұмыстарына аудандық мәслихаттың депутаты Тоғжан Құмарқызы Казанбекова қатысып, тұрғындарға табиғатты қорғау мен ауылдың көркейіп, таза болуына үлес қосудың маңыздылығы туралы айтты.