Жаңасемей ауданына қарасты Жиенәлі ауылдық округінің Бөкенші ауылында «Таза Қазақстан» акциясы аясында экологиялық бағыттағы игі іс-шара өтті

Жаңасемей ауданына қарасты Жиенәлі ауылдық округінің Бөкенші ауылында «Таза Қазақстан» акциясы аясында экологиялық бағыттағы игі іс-шара өтті

«Жеңіс» саябағында өткен сенбілікке ауыл әкімдігі қызметкерлері, мектеп ұжымы, ауыл жастары мен еріктілер белсене қатысты. Іс-шараның басты мақсаты – туған жердің тазалығын сақтау, елді мекен аумағын көгалдандыру, тұрғындарды табиғатты қорғауға және еңбекқорлыққа баулу. Сенбілік барысында саябақ аумағы қоқыстан тазартылып, айналасы ретке келтірілді. Табиғатты көркейту мақсатында 10 түп шырша және 20 түп терек ағаштары отырғызылды. Ауыл тұрғындары бұл шараның елді мекеннің экологиялық жағдайын жақсартуға және жас ұрпаққа табиғатты аялаудың маңызын ұғындыруға үлкен үлес қосатынын атап өтті.