Аудан әкімінің төрағалығымен кіші аппараттық жиын өтті

Аудан әкімінің төрағалығымен кіші аппараттық жиын өтті

КҮН ТӘРТІБІ:

  1. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі туралы;

  2. Қазақстан Республикасының Республика күнін өткізуге дайындық барысы туралы;

  3. 2025–2026 жылдардағы қысқы маусымға дайындық жұмыстары, соның ішінде мал қыстату науқанына қажетті жем-шөп қорын қамтамасыз ету мәселесі туралы.

🔹Жиын барысында күн тәртібіндегі мәселелер жан-жақты талқыланды. Әр бағыт бойынша жауапты бөлім басшылары баяндама жасап, өзекті түйткілдер мен жүргізіліп жатқан жұмыстар жайында ақпарат ұсынды.

✔️Нұржан Оразбекұлы көтерілген мәселелер бойынша нақты тапсырмалар беріп, олардың сапалы әрі уақытылы орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды. Сонымен қатар, алдағы мерекелік іс-шараларды жоғары деңгейде өткізу, қысқы маусымға дайындықты мерзімінде аяқтау және халықтың әлеуметтік қолдауын қамтамасыз ету бойынша бірқатар міндеттер жүктеді.