Жаңасемей ауданы бойынша ауыл шаруашылық санағы жүргізілуде. Бүгінгі күнге дейін аудан көлемінде тіркелген шаруашылық субъектілерінің едәуір бөлігі санақтан өтті. Атап айтқанда, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің (ЖШС) 40%-ы, шаруа қожалықтарының (ШҚ) 45%-ы, жеке шаруашылық қожалықтарының (ЖШҚ) 17%-ы деректерін тапсырды.
Санақ ауыл шаруашылығы саласындағы нақты мәліметтерді жинақтап, өндіріс көлемін, мал және егін шаруашылығының жағдайын анықтауға мүмкіндік береді. Жауапты мамандар қалған шаруашылықтарды да дер кезінде қамту үшін жұмыс жүргізуде.