«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында Шүлбі кенті аумағында абаттандыру және санитарлық тазалау жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде.
Кенттің көшелері мен қоғамдық орындары қалың өскен арамшөптерден, қоқыс пен тұрмыстық қалдықтардан тазартылып, елді мекеннің көркі мен тазалығын сақтау бағытында тұрақты іс-шаралар атқарылуда.