
Бүгін аудан әкімі Нұржан Әбдікәрімов дербес бөлім басшалыры және ауылдық округ әкімдерімен кеңес өткізді.
Аудан басшысы халықтың әлеуметтік осал топтарына және көп балалы отбасыларға салынған үйлердің сапасы туралы бөлім басшыларының есептерін тыңдады.
Пайдалануға берілген үйлердің сапасы туралы зертеулер жүргізіліп, үйді салған кәсіпорын өкілдеріне ақауларды кепілдік мерзіміне сәйкес жою керектігі тапсырылды.
Аталған мәселе аудан әкімінің тікелей бақылауында және күнделікті дербес бөлім басшыларымен тексеріліп отырылады.